Өртті қойған күдікті ұсталды: Щучинскіде ерлі-зайыпты қаза тапты

Қыркүйек 29, 2026 - 12:07
 0  19
Өртті қойған күдікті ұсталды: Щучинскіде  ерлі-зайыпты қаза тапты
Фото: polisia.kz

Щучинскідегі жеке тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрттің салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапты. Адам өліміне әкелген оқиғада өртті қойды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Щучинскіде екі адамның өмірін қиған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйге өрт қойған. Салдарынан аталған үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0