Өскемендегі зауыт аумағында жарылыс болды

Мамыр 5, 2026 - 09:24
 0  10
Өскемендегі зауыт аумағында жарылыс болды
фото: видеодан скриншот

Өскеменде төтенше жағдай: қаладағы зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды sadaq.kz. 

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, Өскемендегі зауыттың аумағында, шаң ұстау цехындағы шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып, кейін жанған.

Сонымен қатар ғимараттың бір бөлігі ішінара опырылған.

"Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Оперативтік штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0