«Өз қолын өзі байлап қалай асылып қалады»: әскерде ұлынан айырылған ана жанайқайын айтты (ВИДЕО)

Бүгін туған-туыстары Жамбыл ауданындағы № 01098 әскери бөлімде көз жұмған мерзімді әскери қызметкер, 19 жастағы сарбаз Дінмұхамед Шынарбекті ақтық сапарға шығарып салды.
Tizgin.kz. сайтының жазуынша, сарбаздың жаназасына қолбасшылықтың бастығының орынбасары барған. Оған сарбаздың анасы шүйлікті. Бар ашуын айтты.
«Оны тұншықтырып өлтірді, содан кейін іліп қойған. Сендердің бақылауларың сол ма? Бала қыршын кетті. Ол өлген жоқ. Оған қоса сендер ауыр күнә артып отырсыңдар. «Өз-өзін өлтірді» деп дәттерің барып айтасыңдар! Сенің құзырыңдағы адамдар солай айтып жатыр. Анау әскердегі адамдарға адам түгілі тіпті мал бақтырауға болмайды. Офицерлік құрамдағы 50 адам 40 сарбазды бір-бірлеп қараса да жетер еді ғой. Анау аумақтарың бардак! Ағаштардың арасына кетіп қалып, қалай ол бала сол жаққа ілінеді? Қолын өзі байлап, қалай ол ілінеді? Суицид деп қалай айтасыңдар?» — дейді анасы.
Сарбаздың өлімі жайлы ақпарат кеше тараған. Марқұмның жақындары енді сол гарнизонда қызметін жалғастырып жатқан екінші ұл – Даниялды үйге қайтарғысы келеді. Амандық болса, бір айдан соң әскери борышын өтеп бітеді. Алайда отбасы оның өміріне алаңдаулы. Сондықтан тиісті органдардан Даниялды қайтаруға көмектесуді сұрайды.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қорытындысы 15–30 күн ішінде жариялануы тиіс.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F793405423096933%2F%3Fv&show_text=false&width=267&t=0" width="267" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>
Сіздің реакцияңыз қандай?






