«Өмірден күдер үздім»: Бала Жамбыл неліктен көрінбей кеткенін айтты
Көпшілікке "Бала Жамбыл" атымен танылған жас ақын Жамбыл Дүйсенұлы ел естімен қиын сәттерін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбаында баяндап берді.
"2020 жылы өмірімді күрт өзгерткен жағдай болды. Менің мойныма таққан тұмарымдай болған жалғыз әпкем, менің сырласым, ең жақын адамымнан айырылып қалдым. Осы жағдайдан соң мен өзімді тастап жібердім. Жұмыстан да шығып кеттім. Тек қана үйде жаттым. Жылай беретінмін. 2020 жылы әпкем Қытайдан келіп, дипломын жазып отырған. Түн ішінде энергетик ішіп қойды. Таң атқанда қан қысымы 0 ге дейін түсіп кетті. Ұйқысынан оянбай қалды. Әпкемнің қазасы барлық отбасымызға өте ауыр тиді. Әлеуметтік желіні ұмыттым, ешкіммен байланыспадым, ешкіммен араласпадым. Өзімді қолға алған бірінші себеп–ол анам. Әпкем қайтқан соң анам мүлде жатып қалды. Менімен қоштаса беретін болды. Мен 2016 жылы әжемді жоғалтқанмын. Өмірімдегі ең жақын осы екі адам. Әжемнің тәрбиесімен өттім. Барлық отбасым маған қарап қалды. Әкем де жұмыстан шығып кеткен. Әпкем қайтқаннан кейін өзіме суицид жасамақ болғаным рас. 10 жыл бойы ақындығымды да тастап кеттім. Өйткені толығымен бұл өмірден көңілім қалып, күдер үзген сәт болды. Бірақ олай болмайтынын түсіндім. Тек қана өзімді ойлап кетіп қалсам, әулетім жылап қалады", – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0