Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды

Шілде 23, 2024 - 16:37
 0  338
Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды

Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде 12 жастағы қыз босанды. Ақпаратты Massaget.kz тілшісіне Павлодар облысының Білім беру басқармасы растады.

Ведомство мәліметінше, оқушы тамызда 13 жасқа толады.

«Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді», - деп жазылған Павлодар облысы Білім беру басқармасының жауабында.

Оқушы Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Өмірге қыз бала әкелген. Ал оқушының жүктілігін бірінші мұғалімдер байқаған.

Оқушы зорланғаннан кейін жүкті болған. Балалар омбудсмені Динара Закиеваның айтуынша, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық іс тергеліп, сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр», - деді Закиева.

Қазір сәби анасымен бірге.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0