Павлодарда бес жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Тамыз 1, 2025 - 16:17
Павлодарда бес жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Фото: Павлодар облысы Полиция департаменті

Павлодар облысында бес жасар бала футбол қақпасының астында қалып, ауыр жарақат алды. Оқиға 31 шілде күні Жертұмсық ауылында болған, деп жазады sadaq.kz.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын және ми шайқалуын анықтады.

Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген, әрі ойын алаңы ресми түрде ешбір мекеменің балансында болмаған – оны ауыл тұрғындары өз беттерінше орнатқан.

“Орын алған жағдайға байланысты аудан әкіміне тиісті ескерту жіберілді”, – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ата-анасына әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow