Павлодарда зират күзетшісін бірнеше жерден пышақтап тастаған

Маусым 29, 2026 - 17:15
 0  22
Павлодарда зират күзетшісін бірнеше жерден пышақтап тастаған
Фото: qamshy.kz

Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0