Павлодардағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қыркүйек 24, 2025 - 11:41
 0  21
Павлодардағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты
Фото: pavlodarenergo.kz

Павлодардағы ЖЭО-2 станциясында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте болған. Жедел жәрдем қызметкерлері шақыртудан кейін 9 минутта жеткенімен, 33 жастағы мердігер ұйым қызметкерінің өмірін құтқару мүмкін болмады – ол дәрігерлер келмей жатып жан тапсырған.

"Павлодарэнерго" АҚ-на қарасты ЖЭО-2-де ауа қыздырғыш кубтарын шығару жұмыстары кезінде мердігер ИП қызметкерлерімен бірге болған оқиға салдарынан төртінші дәрежелі дәнекерлеуші алған жарақатынан сол жерде қаза тапты", – деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.

Қазір еңбек инспекторлары тексеріс тағайындады. Жұмысшының жарақатты қандай жағдайда алғаны әзірге белгісіз.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0