Перизат Қайрат ісі: Сотта Димаш Құдайбергеннің де аты аталды

Шілде 17, 2025 - 17:26
Шілде 17, 2025 - 17:35
Перизат Қайрат ісі: Сотта Димаш Құдайбергеннің де аты аталды
Коллаж: Sadaq.kz

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сот отырысында күтпегенде Димаш Құдайбергеннің аты аталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Мемлекеттік айыптаушы Арман Кизикеннің айтуынша, айыпталушы Перизат Қайрат «ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін ұйымдастырылатын фестивальге» 10 миллион теңге бөлуді ұсынған.

Сотта куәлік берген «Скиф Трейд» ЖШС өкілі Максим Абдуразаковтың сөзінше, Перизат Қайрат оны осы фестивальге демеуші болуға шақырған. Айтуынша, шараның басты жұлдызы – Димаш Құдайберген болатыны айтылған.

Арман Кизикен бұл эпизодты жариялап отырып: «Әңгіме 10 миллион теңге туралы болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген көрсетілген», – деді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow