Перизат Қайраттың мүлігі аукционға шығарылды
Астана мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік нөмірі 777KPK01 қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің сатуға шығарылғанын жария етті. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
777KPK01 нөмірлі қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің бағасына Pandora сигнализациясы бар кілт кіреді. Автокөліктің аккумуляторы разрядталған, алайда техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес. Көлік 79 415 000 теңгеге бағаланып отыр.
Сатылым 7 сәуірде сағат 10:00-де басталады.
Қазір автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады.
Олардың қатарында әлеуметтік қызмет субъектілері бар:
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
Балабақша мен орта білім мекемелері;
Уақытша орналастыру орындары;
Медико-әлеуметтік мекемелер.
Егер көлік сатылмаса, лот барлық қызығушылық танытқан адамдарға сатылымға шығарылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0