Петропавлда жас жігіттің мәйіті табылды
Қазіргі уақытта полицейлер 21 жастағы жігіт өзін-өзі атып өлтірген, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«18 ақпанда Петропавл қаласында 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол суицид жасаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.
Марқұм Петропавл қаласындағы сауда үйлерінің біріндегі кинотеатрда аниматор болып жұмыс істеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0