Полиция КазТАГ бас редакторы ұсталғанын растады
Алматы полиция департаменті 23 желтоқсанда ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Хасеновтың ұсталғанын растады.
Департаменттің мәліметінше, агенттік қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс жеке компания өкілінің арызы негізінде қозғалған. Онда ҰазТАГ редакциясының бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратып, соның салдарынан компанияның іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келгені айтылған.
«Тергеу амалдары кезең-кезеңімен, Қылмыстық-процестік заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілді. Жинақталған материал мен тергеудің қазіргі сатысын ескере келе, 23 желтоқсанда ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталып, Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Тергеу барысы толығымен Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат осы кодекстің 201-бабына сай жариялауға жатпайды.
Кеше кешкісін Астанада КазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов қамауға алынды деген ақпарат тараған еді.
«Бүгін сағат 19:00-де Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырылған КазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің адвокаттары оның ұсталғанын хабарлады. Мұны құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілер — Тимур Турлов пен Freedom Finance тарапынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмірге тағылған барлық айып алынып, ол бостандыққа шығуы тиіс!» — деп жазды агенттіктің бас директоры Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0