Президент семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Шілде 29, 2026 - 23:37
app_badging Шілде 29, 2026 - 23:38
chat_bubble  0 visibility  1
Президент семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
 
Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0