Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Желтоқсан 29, 2025 - 09:55
 0  0
Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті
Фото: POOl

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады РИА Новости.

Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесудің алдында Путинмен бірқатар мәселені талқылауды жөн көрген.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылған. Президенттер референдум өткізу желеуімен уақытша бітім жариялау тек қақтығыстың созылуына әкелетінін атап өткен.

Трамп Ресейдің жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге ұмтылып отырғанына көз жеткізгенін мәлімдеді.

Путин Америка басшысының қауіпсіздік және экономика мәселелері бойынша екі жұмыс тобы аясында жұмысты жалғастыру туралы ұсынысымен келісті.

Ол сәскери іс-қимылдарын түпкілікті тоқтату үшін Донбасқа қатысты саяси шешім қажет екенін айтқан. Президенттер Трамптың Зеленскиймен кездесуінен кейін қайта сөйлесуге уағдаласты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0