Путин Трампқа қарата маңызды үндеу тастады

Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында АҚШ басшысы Дональд Трамптың "қағаз жолбарыс" деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты "Известия" агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы айтып, Ресейді "қағаз жолбарыс" деп атаған болатын.
"Егер біз бүкіл НАТО блогымен қақтығысып, алға жылжып, өзімізді сенімді сезінсек, бұған қарап бізді "қағаз жолбарыс" десе, онда НАТО-ны қалай деп атаймыз?", – деді Путин.
Оның айтуынша, Мәскеу Трамптың мәлімдемесіне байыппен қарайды.
Басқа бір ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Путин Трамптың тұсында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс болмас еді деген пікірімен келісетінін айтқан. Оның сөзінше, соғыстың әлі күнге дейін жалғасып жатқанына Еуропа жауапты.
"Трамптың сөзіне оралсақ, ол егер билік басында өзі болғанда, мұның алдын алуға болар еді деді. Мен бұл пікірмен келісемін", – деді Ресей президенті.
Сіздің реакцияңыз қандай?






