Ішіп алып көлік жүргізген: Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды

Шілде 25, 2024 - 11:24
 0  210
Ішіп алып көлік жүргізген: Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды

Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz Baribar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 23 шілдеде болған. Ол Бурабайдағы түнгі клубтың алдында масаң күйде көлік айдап бара жатқанда ұсталған. 

«Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп жазылған сот қаулысында.

ҚМДБ бас имам туралы түсініктеме бермеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0