Рамзан Қадыров екінші рет Шешенстанның батыры атанды
Қадыров бұл атақты алғаш рет 2023 жылы алған болатын.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа екінші рет Шешен Республикасының батыры атағы берілді. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, «Шешен Республикасының Батырының Алтын Жұлдызы» медалін оған республика басшысының міндетін атқарушы Магомед Даудов табыстады.
Даудовтың айтуынша, бұл атақты беру туралы ұсынысты Ахмат-Хаджи командасының барлық мүшелері ортақ пікірмен жасаған.
Жарлыққа сәйкес, Қадыров бұл жоғары марапатқа ел алдындағы ерекше еңбегі, халқына адалдығы, жеке батырлығы мен мемлекеттік және қоғамдық істердегі көпжылдық жанқиярлық қызметі үшін, сондай-ақ Шешенстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін лайық деп танылған.
Айта кетейік, Қадыров бұл атақты алғаш рет 2023 жылы алған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






