Рамзан Қадыров Путиннен өзін қызметінен босатуды сұрады

Мамыр 6, 2025 - 23:09
Рамзан Қадыров Путиннен өзін қызметінен босатуды сұрады

Рамзан Қадыров Ресей президенті Владимир Путиннен өзін Шешенстан басшысы қызметінен босатуды сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шешенстан басшысы өзінің қызметтен кету туралы өтінішінің қолдау табатынына үміт білдірді.

"Түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Мен өзім бұл қызметтен босатуды сұрап отырмын. Басқа біреу келсе, оның өз бастамалары, өз көзқарасы болады. Өтінішім қолдау табады деп үміттенемін", – деп келтіреді Қадыровтың сөзін "Чечня Сегодня".

Кремль бұл мәлімдемеге әзірге түсініктеме берген жоқ. Шешенстан басшысы "тек отставка сұрай алатынын, ал шешімді тек президент қабылдайтынын” айтты.

Рамзан Қадыров 2007 жылдың 5 сәуірінен бері Шешенстан Республикасын басқарып келеді. 2021 жылғы қыркүйекте өткен соңғы сайлауда, Ресей Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, Қадыров 99,7 пайыз дауыс жинаған. Оның өкілеттік мерзімі 2026 жылға дейін.

Еске салсақ, осыған дейін Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Шешенстанның спорт министріболғанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow