Райымбек Баталов қызметінен кетті

Қаңтар 23, 2026 - 12:30
Қаңтар 23, 2026 - 12:30
 0  3
Райымбек Баталов қызметінен кетті
Коллаж: sadaq.kz

Қанат Шарлапаев Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

23 қаңтарда Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13-ші съезінде төралқаның жаңа төрағасы сайланды. Қанат Шарлапаев бұл қызметке Райымбек Баталовтың орнына келді. Ол көпшілік дауыспен сайланды.

Қанат Шарлапаевтың экономика және қаржы мамандығы бойынша білімі бар. Ол Саратов мемлекеттік әлеуметтік ғылымдар және экономика университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Сосын Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін оқып, қаржы және менеджмент магистрі дәрежесін алған. 

Шарлапаев кәсіби мансабын халықаралық қаржы секторында бастады. 2006 жылдан 2015 жылға дейін Ұлыбритания мен Чехиядағы Citi Investment Bank-те, Лондондағы кеңседе жұмыс істеді. Онда қаржы бөлімінің маманынан Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша аймақтық стратегиялық жоспарлау және талдау тобының вице-президенті лауазымына дейін көтерілді.

2015 жылдан 2022 жылға дейін Қанат Шарлапаев Citibank Kazakhstan және Citibank Russia компанияларында бас қаржы директоры және аға вице-президент қызметтерін атқарды.

2022 жылдың ақпан айында ол мемлекеттік қызметке ауысты. Шарлапаев “Бәйтерек” ұлттық басқару холдингі” АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды. Кейін 2023 жылдан 2025 жылға дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы болып сайланбас бұрын, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0