Ресей Иранға Украинадағы дрон тәжірибесін үйретіп жатыр – CNN
Ресей Иран билігіне Украина майданында жинақтаған пилотсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) қолданудың озық әдістерін бөлісіп жатыр. Бұл туралы Clash Report хабарлады. Ақпарат CNN телеарнасының Батыс барлау қызметіндегі дереккөзге сілтемесіне негізделген.
Батыстық барлау қызметі өкілінің айтуынша, Мәскеу мен Тегеран арасындағы әскери ынтымақтастық күшейген. Егер бұған дейін Ресей тек жалпылама ақпараттық қолдау көрсетіп келсе, қазір Иранға нысаналарды дәл көздеу және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін айналып өтудің нақты стратегияларын үйретуде.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей Иранға тек дрон тактикасын үйретіп қана қоймай, болашақта зымыран технологиялары мен әуе қорғаныс жүйелерін жетілдіруге де көмектесуі мүмкін.
Зеленский ағымдағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Ресейдің Иранға өз әскерін жіберу ықтималдығын да жоққа шығармады:
«Қазір тек бір сұрақ туындайды: ирандық режимге қолдау көрсетіп, бірінші болып қай ел әскер жібереді? Солтүстік Корея Ресейге 10 мың сарбазын жіберген сияқты, Ресей де Иранға өз әскерін жіберуі әбден мүмкін», — деді Зеленский.
Ресейдің Украинадағы тәжірибесі дрондарды лек-легімен ұшыру және олардың бағытын миссия кезінде өзгерту тәсілдерін қамтиды. Кейбір түндері Украинаның әуе қорғанысы 1000-нан астам дрон шабуылына қарсы тұруға мәжбүр болған. Егер осы әдістер Иранға толық берілсе, Таяу Шығыстағы әскери баланс айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Батыстық шенеуніктер хабарлағандай, бұл үдерісте Қытайдың ықтимал рөлін де мұқият бақылап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0