Ресей мен Украина келіссөздері кейінге шегерілді

Ресей мен Украина делегациялары 16 мамыр күні Ыстанбұлда келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы ресейлік БАҚ-қа келіссөздерді ұйымдастыруға жақын дереккөз мәлімдеген.
"Иә, 16 мамыр күн", - деді келіссөздерге қатысы бар дереккөз.
Ресей делегациясының басшысы, РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, Мәскеу делегациясы келіссөздер жүргізуге қажетті құзырет пен өкілеттікке ие. Сондай-ақ алдағы келіссөздерде ықтимал шешімдер мен ортақ тұстарды қарастыруға дайын.
15 мамыр күні Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келіссөздерге қатысатын делегация құрамын бекітті. Киев делегациясын Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Украина тарапынан келіссөздерге Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский, Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысады.
Ресей делегациясын Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қарулы күштер Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.
Айта кету керек, бұған дейін Ресей мен АҚШ басшылары Түркияда өтетін Украина мәселесіне қатысты келіссөздерге қатыспайтынын жазғанбыз.
Сіздің реакцияңыз қандай?






