Ресейде оқушы мектепте шабуыл жасап, 10 жастағы тәжік баланы пышақтап өлтірді
Ресейдің Мәскеу облысында мектепте болған шабуыл салдарынан 10 жастағы тәжікстандық оқушы көз жұмды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Оқиға 16 желтоқсанда Одинцово қалалық округіне қарасты Горки-2 кентіндегі Успен орта мектебінде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 10-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, алдымен күзетшіні жаралаған, кейін газ баллонын шашып, бастауыш сынып оқушыларына шабуыл жасапты. Соның салдарынан 4-сыныпта оқыған Кобилджон Әлиев алған жарақаттарынан көз жұмды.
Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны «ұлт араздық негізіндегі шабуыл» деп бағалап, Ресейдегі елшісін шақырып, ресми нота тапсырды.
Тәжікстан сыртқы істер министрлігі қайғылы қазаны объективті түрде тергеуді талап етті. Ведомствоның мәлімдеуінше, олар ұлттық араздыққа негізделген шабуыл сол жерде қаза тапқан тәжік азаматы Әлиев Кобилджонға қарсы қасақана жасалған деп айыптайды.
Сонымен қатар, Тәжікстанның СІМ ресейлік билік қылмыскерлердің барлығын заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуға шақырды.Сондай-ақ, Ресейдегі елшілігіне қаза тапқан адамның туыстарымен тұрақты байланыста болуды талап еткен.
Pamir inside дерегінше, Кобилджон келесі күні інісі мен ағасымен бірге Тәжікстанға қайтуы тиіс еді, себебі олардың құжаттарының мерзімі аяқталуға жақындаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0