Ресейде ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Қараша 14, 2025 - 08:56
chat_bubble  0 visibility  19
Ресейде ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
Фото: ТАСС

13 қараша күні Ресейдің Карелия Республикасында оқу-жаттығу барысында Су-30 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды sadaq.kz.

ТАСС агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Мәскеу уақытымен шамамен 19:00-де болған.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтың жоспарлы жаттығу кезінде құлағанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, апат салдарынан экипаж мүшелері қаза тапқан. Сондай-ақ ұшақ елді мекендерден алыс, адам жоқ аймаққа құлағаны және бортта оқ-дәрі болмағаны атап өтілді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0