Ресейде жанармай құны сәт сайын қымбаттап жатыр
АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасы қазіргі уақытта 12 пайызға жоғарылаған, деп жазады Sadaq.kz.
Сырттан импортталатын бензин құны да айтарлықтай көтерілді. Қазір Ресейге Үндістан, Беларусь елдерінен келетін жанармай көлемі көбейді. Дегенмен бұл ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Себебі, Ресейде күніне ішкі сұраныс 110 мың тоннадан асады.
Мамандардың айтуынша, жанармай тапшылығы алдағы жарты жылда толықтай шешілмейді. Өйткені елдегі мұнай өңдейтін 10 зауыттың 8-і істен шыққан. Оған қоса жаз мезгілінде ауылшаруашылығы саласына да отын ауадай қажет.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0