Ресейді паналап отырған Башар Асадтың Мәскеуде 20 пәтері анықталды
Сирияның қашқын экс-президенті Башар Асадтың Мәскеуде 20-ға жуық пәтері бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Башар Асадтың туыстары «Мәскеу-сити» тұрғын үй кешенінен жалпы сомасы 40 миллион долларға бағаланатын 20-ға жуық пәтер сатып алған. Бұл туралы Financial Times газеті Global Witness халықаралық үкіметтік емес ұйым құжаттарына сілтеме жасап хабарлайды.
Сатып алынған жылжымайтын мүлік Асадтың жақын туыстарына рәсімделген болып шықты. 2013 жылдан бері сатып алынған 13 нысан экс-президенттің немере ағасы Хафиз Махлуфтың және оның бақылауындағы компаниялардың атына рәсімделген. Сондай-ақ, бірнеше элиталық пәтерлерге ағасының әйелі Рами Махлуф пен басқа да туыстары иелік етеді
Мәскеуде жылжымайтын мүлікке иелік етіп отырған барлық ағайынды Асадтар халықаралық санкциялар астында.
Сіздің реакцияңыз қандай?