Ресейдің стратегиялық маневр алаңы тарылып келеді – сарапшы 

Қыркүйек 10, 2025 - 16:27
Ресейдің стратегиялық маневр алаңы тарылып келеді – сарапшы 
Фото: видеодан скриншот

Күні кеше Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі өтті. Шара барысында ұйымдастырылған әскери парадта 10 мыңнан астам сарбаз және жүздеген әскери техника бой көрсетті. «SadaqMedia» подкасты студиясында қонақта болған халықаралық сарапшы Жанат Момынқұлов бұл шараның символикалық мәні жоғары екенін айтты, деп жазады Sadaq.kz.

«Қытайда өткен ШЫҰ, әскери парад, жапон фашизміне қарсы 80 жылдықтың аталып өтуі үлкен оқиға болды. Батыс медиасы, сарапшылар, саясаткерлері барлығы жіті бақылап отырды.  Бұл үлкен символдық өзгерістердің көрінісі. Ал әскери парад геосаяси сигнал. Әри не, халықаралық тәртіп бүгін-ертең өзгеріп кетпейді. Бірақ соған дайындық басталды. Өзгеріске ниетті екенін Қытай ашық көрсетті. Қытайдың сигналы – біз Америкадан қорықпаймыз. Қасымда, Ресей, Үндістан, Орталық Азия, Азия елдері бар» дегенге саяды. Бұл басы. Процесс толыққанды аяқталған жоқ. Оның ішінде Қазақстан да жүр», - деді ол.

Қытай қалай әлемдік державаға айналып кетті?

Жанат Момынқұлов болашақта ШЫҰ ықпалының артуы мүмкін екенін жеткізді.      
   
«Қытай негізі жабық, коммунистік ел еді. 70-жылдары Ричард Никсон, Генри Киссенджер бастаған топ Дэн Сяопинмен кездесіп, Қытай әлемге ашылады. Оған дейін Қытайдың жоспарлы экономикасына сәйкес өндіріп келген талай миллиондаған тонна тауарлары қоймаларда босқа шіріп жатқан еді. Америкамен жақындасқаннан кейін Американың технологиялық, өндіріс компаниялары Қытайға келеді, қытайдың нарығы ашылады. Осылайша, Қытай» әлемдік экономикаға интеграцияланып, елдің дүркіреп даму кезеңі басталады. 90-жылдардан кейін Қытай экономикасы тіптен қарқын ала түседі. КСРО ыдырайды. Бір жағынан, ШЫҰ құрылуы осы ыдыраған кеңестік аймақтарда Қытайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, болашақта сол аймақтарды біртіндеп толтыру стратегиясы да болды. Екінші жағынан, автократиялық елдердің альянсы сияқты көрінеді. Сондықтан, болашақта бұл ұйымның ықпалының артуына куә болуымыз мүмкін. Бірақ әсірелеудің қажеті жоқ», - дейді сарапшы.

Ресейдің Қытайдан басқа арқасүйері жоқ па?

Сарапшы Ресей Федерациясының қазіргі саси, әскери жағдайына тоқталды. Оның сөзінше, Ресейдің стратегиялық маневр алаңы тарылып келеді.

«Ресей барған сайын Қытайдың вассал еліне айналып келе жатыр деген де ой айтылған. Санкциялар, оқшаулау бар, бұлардың бәрі Ресейді Қытайдың құшағына итермеледі. Мәскеу парад өткізуден дүние жүзінде бірінші орында болған. Қазір екінші орында, Қытайдан кейін. Алайда, бұл ассимметриялық серіктестікке алып келеді. Бұл Қытай мен Ресей арасындағы тең емес серіктестік. Қысқаша айтқанда, Мәскеу Пекинсіз әлемде жалғыз және әлсіз», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow