«Сақалды жігіт ұрып жағын сындырған»: Таразда соққыға жығылған депутатқа қатысты тың дерек пайда болды

Мамыр 14, 2025 - 10:55
Мамыр 14, 2025 - 12:48
«Сақалды жігіт ұрып жағын сындырған»: Таразда соққыға жығылған депутатқа қатысты тың дерек пайда болды
Todayinfo

Таразда соққыға жығылған мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевке қатысты тың ақпараттар жарияланып жатыр. Кейбір дерек көздерінің жазуынша, депутатты сақалды жігіт ұрып-соғып, жағын сындырған, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Сол секілді депутаттқа шабуыл жасаған жігіттің кастет қолданған болуы мүмкін деген болжам да айтылуда. Қатты соққыдан Байғазиевтің бет сүйегі сынып, ауруханаға түскен. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартып, өз еркімен емханадан шығып кеткен.

«Зардап шеккен адам ауруханада шамамен 19:00-ден 01:00-ге дейін болды. Қабылдау бөлімінде толық медициналық көмек көрсетілді. Оған әрі қарай тексеру, бақылау және қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылу ұсынылды, бірақ ол емдеуден бас тартты. Дәрігерлер бас тартудың ықтимал салдарларын, оның ішінде асқынулар қаупін түсіндірді, алайда пациент бұл шешімді саналы түрде қабылдап, ауруханадан шықты», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша, іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

«Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу-оперативтік шаралар жүргізілуде, бұл шаралар оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған», - деп хабарлады Полиция департаменті. 

Todayinfo агенттігінің жазуынша, төбелестің басталуына сақалды жігіттің әйелі себепкер болған. Аталмыш дерек көзінде жарияланған видеодан екі еркектің балалы, оранған әйел отырған диванның жанында ерегісіп тұрғанын көруге болады. Төбелестің шығуына телефон қуаттағышы себепкер болған. Адвокат сақалды жігіт пен оның оранып алған әйелі отырған орындыққа жақын жерде телефонын қуаттап алмақшы болған. Алайда заңгердің әрекеті ерлі-зайыптыға ұнамаған. Артынша депутатты боқтап, балалар мен кафедегі қонақтардың көзінше соққының астына алған.

«Бүгін тапа тал түсте, ПД жанында  адвокат, мәслихат депутаты Нұрлан Байғазинов аяусыз соққыға жығылды. Біз оны алаяқтық істермен күресудегі еңбегі арқылы білеміз. Депутаттың бет сүйегі, жағы сынған. Депуттар аяусыз соққыға жығылса, онда біз сияқты қарапайым адамдардың құқығы қалай қорғалады?  Неге Жамбыл облысында бандиттер еркінсиді?  Бұл сұрақ полиция департаментіне», - деді видеоүндеу жасаған жігіт.

Мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев осыдан екі апта бұрын тараздық полицейлердің заңсыз тірлігін әшкерелеген болатын. «28 сәуірде Байғазиев ювеналды полиция қызметкерлерінің 17 жастағы қызды тоқтатып, оны қызметтік көлікпен жеткізіп салуға ұсыныс жасағанын видеоға түсірген еді. Депутат мұның заңсыз екенін айтып, полицейлердің өкілеттігін асыра пайдаланғанын мәлімдеген болатын.

Видео қоғамда үлкен наразылық туғызып, нәтижесінде кінәлі полицейлер жұмыстан қуылған. Әлемжелідегі қауым бұл оқиғаның депутаттың полиция қызметкерлерін әшкерелеген ісімен тікелей байланысты болуы мүмкін деп топшылап жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow