«Сахнаны жандырып жіберді»: Мақпал Жүнісова Тұрар Ыдырыспен дуэт орындады (ВИДЕО)
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar есімімен танылған жас әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, көпшілікке тосынсый жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қос әншінің орындауындағы дуэт пен сахнадағы биі әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бейнежазбаны өнер иелерінің өнеріне тәнті болған әнші Нұрлыбек Нағметов жариялаған.
«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.
Көпшілік Мақпал Жүнісованың сахнадағы белсенділігіне сүйсініп, қос әншінің шығармашылық тандеміне жылы пікірлерін білдірді.
«Мақпал ханымға бәрі жарасады», «Сахнаны жандырды», «Мықты дуэт болды», «Недеген сұрапыл энергия мынау», «Қандай керемет әншілер», «Ғұмырыңыз ұзақ болсын», «Қайта-қайта қарадым», – деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0