Санжар Боқаев ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Қоғамдық белсенді Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бас прокуратураның басшылық орынбасары Ерлан Өтегенов ақпаратты мәлімдеді.
"Аталған азаматқа қатысты ұлттық компанияда қызмет атқарған кезінде ақша қаражатын ірі көлемде алаяқтық жолымен жымқырған және заңсыз орман кесу ұйымдастырған деген айып тағылған. Қазір істі тергеуге қажетті барлық шаралар жүргізілуде", – деді ол сенат кулуарында.
Бас прокуратура өкілінің айтуынша, Боқаевтың жақтастары талап етіп отырған істі ашық тыңдау өткізуге ешқандай кедергі жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0