Сара Назарбаева қайтыс болды

Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева көз жұмды деген ақпарат тарады. Orda.kz сайтының жазуынша, Сара Алпысқызы Алматыдағы ауруханада көз жұмған.
"Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Назарбаеваны өмірді қамтамасыз ету аппаратынан сөндірілген. Ресми растама жоқ.
Аурухана маңында күзет күшейтілген: қақпаның алдында қара костюм киген ер адамдар күзетте тұр, жеке қауіпсіздік қызметі де көбейген.
«Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ғана күзет күшейтілді», — деді сол жердегі полицейлердің бірі.", - делінген ақпаратта.
Соңғы апталарда Сара Алпысқызы Алматыдағы Президент іс басқармасының қарамағындағы республикалық клиникалық ауруханада, халық арасында «Совминка» аталып кеткен мекемеде ем алып жатқаны айтылған.
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызыл-Жар ауылында дүниеге келген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






