Сәуле Базарханға ота жасаған клиника мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпкер, блогер Сәуле Базарханның ота кезінде қайтыс болуына байланысты Smart Beauty Clinic клиникасы алғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Медициналық мекеме дәрігерлік құпияға байланысты оқиғаның мән-жайын жариялай алмайтынын мәлімдеді.
«Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, марқұмның отбасына құрмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан тексеру шараларының объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында клиника ресми рәсімдер аяқталғанға дейін болған жағдайдың мән-жайы мен медициналық деректеріне қатысты жария түрде пікір білдіруді орынсыз деп санайды.
БАҚ өкілдерінен, әлеуметтік желі қолданушыларынан және жұртшылықтан марқұмның рухына және оның жақындарының сезіміне құрметпен қарап, расталмаған ақпарат пен түрлі жорамалдарды таратудан аулақ болуды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ клиника қазіргі уақытта жаңа пациенттерді қабылдамайтынын хабарлады. Алайда мекеме өздерінің қазіргі пациенттеріне «қажетті медициналық көмекті көрсетуге» дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қызы анасының қазасына байланысты қоғамнан көмек сұрады.
Марқұмның қызының айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникасында липосакция отасы кезінде көз жұмған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0