Семей тұрғыны TikTok эфиріне кіремін деп темір тордан бір шықты

Қыркүйек 17, 2026 - 12:11
chat_bubble  0 visibility  4
Семей тұрғыны TikTok эфиріне кіремін деп темір тордан бір шықты
Фото: видеодан скрин

Абай облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, алкоголь ішкен 53 жастағы Семей тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелдің тікелей эфирін анықтаған. Эфирді шамамен 12 мың адам көрген. Кадрларда әйел адамның былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішкенін әдейі көрсеткені және айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны байқалған.

Полиция оның жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мәдина Баяхметова болып шықты.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Полиция оның жасы ескерілгенін хабарлады.

Құзырлы орган әлеуметтік желідегі тікелей эфирлер де заң талаптарынан тыс қалмайтынын ескертті. Былапыт сөз айту, әдепсіз мінез-құлық таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкелуі мүмкін.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0