«Сен қызсың ғой»: Түркістанда студент қыздарды ұлдардың бөлмесін жууға мәжбүрлеген
Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің жатақханасында үлкен дау шықты. Студент қыздардың айтуынша, оларды СЭС комиссиясы келер алдында ұлдар тұратын бөлмелерді жинап, жууға мәжбүрлеген. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.
Желіде тараған видеода жатақхана қызметкерінің тазалықтан бас тартқан студентке қысым көрсеткені анық көрінеді. Онда қызметкер: "Бір бөлмені жинағаннан ештеңе болып қалмайды ғой?! Сен қызсың ғой", — деп кейіген.
Тазалық жұмыстарынан бас тартқан студенттерге жатақханадан шығарып жібереміз деп қоқан-лоқы жасалған. Тіпті, қызметкерлер студенттің қарсылығын басу үшін оның анасына қоңырау шалуды талап еткен.
Бұл жағдайға қатысты колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Аппазов «Курсив» басылымына түсініктеме берді. Оның айтуынша, 23-25 ақпан аралығында жатақханаға облыстық спартакиадаға қатысушы қыздар келуі тиіс болған. Жексенбі күні ұлдар жатақханада болмағандықтан, тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студент қыздардан ұлдардың бөлмесін жинауға көмектесуін сұраған
Колледж басшылығы бұл жағдайды «тараптар арасындағы түсініспеушілік» деп атап, қазіргі уақытта студенттермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0