Серік Сәпиев Қазақстан Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Наурыз 24, 2026 - 20:47
chat_bubble  0 visibility  2
Серік Сәпиев Қазақстан Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: Қарағанды облыстық әкімдігі

Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев Қазақстан Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды,  деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Серік Сәпиев енді ұлттық құраманың нәтижесін жақсартуға, спортты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін жұмыс атқарады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0