«Шаршаса да көлік жүргізген»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот болды
Айыптаушы тарап әйелді жол-көлік оқиғасында екі адамның мерт болуына кінәлі деп санайды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Таразда Гүлайым Рахмонованың қатысуымен адамдар өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы ісі бойынша сот қарауы басталды. Отырыс барысында прокурор айыптауды жариялап, апат болған күні сотталушының әпкесі, ұлы және досымен жолда келе жатқанын хабарлады. Айыптау тарапының мәліметінше, ол көлікті түні бойы жүргізіп, қатты шаршағанына қарамастан рульді басқа жүргізушіге бермеген.
Еске салсақ, өткен жылы 27 шілдеде сағат 08:50–де «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының 299 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0