Шавкат Рахмонов UFC чемпиондығы үшін таласады

Қазан 13, 2024 - 11:26
 0  261
Шавкат Рахмонов UFC чемпиондығы үшін таласады
Фото: sports.kz

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

UFC Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі туралы хабарлады.

Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов 310-шы нөмірлі турнирге 7 желтоқсан күні  АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы орта салмақтағы америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3).

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болғанын еске саламыз.

Айта кетейік, Маддалена биыл 10 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Рахмоновты жұдырықтасуға шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0