«Шерзаттың жанына жерлесең болды»: Шерзат Болаттың ағасының соңғы хаты табылды
Бүгін Талғар қаласының маңында Шерзат Болаттың 30 жастағы ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Ізінше марқұмның мессенжердегі соңғы жазбасы таралды, деп жазады Sadaq.kz.
Алматы облыстық ПД мәліметінше, алдын ала ақпараттарға сәйкес, ол асылып қалу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
«Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған»,- делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», - деп ескертті Полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?