Шетел асып кеткен Ермек Тұрсынов қайта оралды

Көктемде елден кетіп қалған режиссер Ермек Тұрсынов араға бірнеше ай салып қайтадан өз еліне оралды.
Бұл туралы кәсіпкер Болат Әбілов хабарлады. Ол өз парақшасында Тұрсынов, Мұхтар Жәкішев және Еркеш Шәкеевпен түскен ортақ суретті жариялады.
"Әлем қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр - дағдарыс, қақтығыстар, белгісіздік. Осындай жағдайда ақылдың айқындығын және ішкі тұрақтылықты сақтау аса маңызды. Біз қорқыныш туралы емес, болып жатқан жағдайға байыппен қарау жайлы әңгілеместік. Бірақ ең бастысы жанымыздағы адамдар. Тағдырға осы достарыммен жолықтырғанына ризамын: олардың әрқайсысы мықты әрі талантты тұлға", деп жазған ол.
Еске салайық, биыл мамыр айында Ермек Тұрсынов біреулерден қысым көріп жатқанын айтып пост жазған еді. Артынша елден кететінін мәлімдеп, Facebook парақшасында қоштасу хатын жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






