Шығыс Қазақстан тұрғыны мешітте ұрлыққа түскен

Желтоқсан 29, 2025 - 17:21
chat_bubble  0 visibility  14
Шығыс Қазақстан тұрғыны мешітте ұрлыққа түскен
Фото: polisia.kz

Күдіктінің басқа бір мешітте осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды, деп жазады sadaq.kz.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.  

Полицияға облыс орталығындағы мешіттердің бірінен 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугінің жоғалғаны туралы арыз түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйел ұсталды.

Барлық жағдайда күдікті бір тәсілмен әрекет еткен.

– Ол тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерді аралап, ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған, – делінген облыстық ПД хабарламасында. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0