Шығыс Қазақстанда сарбаз қаза тапты: Қорғаныс министрлігі «өзіне оқ атты» нұсқасын алға тартты

Қаңтар 25, 2026 - 23:58
Қаңтар 25, 2026 - 23:59
 0  3
Шығыс Қазақстанда сарбаз қаза тапты: Қорғаныс министрлігі «өзіне оқ атты» нұсқасын алға тартты

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қарауылда кезекшілік атқару кезінде оқ жарақатынан көз жұмды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға 23 қаңтарда болған, алайда ресми ақпарат бүгін, 25 қаңтарда жарияланды.

Ведомство таратқан мәлімдемеге сәйкес, өлімнің себебі — сарбаздың өзіне бекітілген штаттық қарудан оқ атуы (самострел). Қаза тапқан әскери қызметші әскер қатарына 2025 жылдың сәуір айында шақырылған. Оның қызмет мерзімінің аяқталуына небәрі бірнеше ай қалған болатын.

Қазіргі уақытта Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков бастаған арнайы комиссия Өскеменге аттанды.

Бұл оқиға әскердегі қауіпсіздік пен тәртіп мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Қорғаныс министрлігі мен әскери прокуратура тергеудің барысын бақылауға алғанын хабарлап, қаза тапқан сарбаздың жақындарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0