Шымкент тұрғыны анасын пышақтап өлтіріп, өртеп жіберген

Қаңтар 13, 2025 - 15:32
Шымкент тұрғыны анасын пышақтап өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте бір тұрғын анасына пышақ салып, артынша денесін аулаға шығарып өртеп жіберген. 

KöpSöz арнасының мәліметінше, мұндай қадамға барған жігіт психикалық күйзеліс жағдайында болған.

12 қаңтар күні сағат 02:50 шамасында анасына пышақ сұғып, ауыр дене жарақатын салды. 1994 жылы туған ер адам кейіннен Ж.Жабаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына денені шығарып, өртеп жіберген.

Оқиға орнында өртенген мәйіттің қалдықтары табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«12 қаңтарға қараған түні полицияға өрт туралы хабарлама келіп түсті, онда зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды», - делінген хабарламада

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow