Шымкентте полицейді ұрған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

Наурыз 4, 2026 - 19:07
Наурыз 4, 2026 - 19:12
 0  5
Шымкентте полицейді ұрған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты
Pixabay.como

Шымкентте билік өкіліне күш қолданған жасөспірімге қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл туралы Sadaq.kz КазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2025 жылдың қараша айында Шымкенттің 18-шағын ауданында болған. Төбелес туралы шақыртуға келген полицейлердің қызметтік көлігін жасөспірім теуіп, зақымдаған. Артынша тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қызметкерлердің бірін бетінен ұрып, дене жарақатын салған.

Сотталушы А. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оның кінәсін толық мойындап, өкінгенін ескере отырып, 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0