Шымкенттегі зауытта грек-рим күресінен экс-чемпион тоқ соғып көз жұмды

Қыркүйек 16, 2026 - 09:43
chat_bubble  0 visibility  13
Шымкенттегі зауытта грек-рим күресінен экс-чемпион тоқ соғып көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

Шымкенттегі өндіріс орнында спортшы Әділ Тілектес тоқ соғып көз жұмды. Полиция департаменті қайғылы жағдайдың мән-жайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Спортшының қазасы туралы ақпарат Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланды. Автордың жазуынша, Әділ Тілектес абайсызда жоғары кернеулі кабельге жолап кетіп, биіктен құлаған, кейін алған жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

"Спорттағы көптеген жетістігіне, соның ішінде 2019 жылы грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атануына қарамастан, Әділ отбасын асырау үшін кәсіби мансабын аяқтап, Шымкенттегі керамикалық тақта шығаратын зауытқа жұмысқа орналасқан. Спортшының есту қабілеті нашар болған. Ол бар болғаны екі жыл ғана жарыстарға белсенді қатысып, кейін күрестен кеткен. Марқұмның артында екі баласы қалды", - делінген жазбада.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қаладағы кәсіпорын аумағында жұмысшының қаза болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды жұмыс барысында электр тоғы соққан, ол алған жарақатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ПД өкілдері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0