Шұғыл: Атырау облысында мұнай ұңғымасы өртеніп жатыр

Наурыз 7, 2025 - 09:00
 0  40
Шұғыл: Атырау облысында мұнай ұңғымасы өртеніп жатыр
фото: видеодан скриншот

Атырауда "Ембімұнайгаз" АҚ қарасты "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

PetroCouncil.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған.

«Бұл сорапты-компрессорлық құбырдың істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шеккендер жоқ. ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс істеп жатыр», - делінген "Ембімұнайгаз" АҚ Қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0