Адам шошырлық қылмыс: Жезқазғанда анасы мен қызын өлтіріп кетті

Тамыз 13, 2025 - 09:56
Тамыз 13, 2025 - 10:43
 0  288
Адам шошырлық қылмыс: Жезқазғанда анасы мен қызын өлтіріп кетті
Фото: Pixabay

Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерде асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен.

Almaty арнасының хабарлауынша, 1966 жылы туған әйел қалалық әкімдікте есепші болып істеген. Қандықол оның мойын тұсынан 7 рет пышақ салған. Келіншектің Астанадағы халықаралық колледжде 2-курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды.

Оның да мойынынан жарақат іздері табылған, бойжеткенді сыммен қылғындырған болуы мүмкін. Қазір адам шошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0