Сирияға уақытша президент тағайындалды
Жаңа биліктің жетекшісі, яғни уақытша президент Ахмед Аш-Шараа болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сирияда уақытша президенттің тағайындалуымен қатар, әскер таратылған. Мұны Asharq Al-Awsat жазып отыр.
"Сирия президенті міндетін атқарушы болып Ахмед Аш-Шараа тағайындалды, ол елдің президенті ретінде қызмет атқарады және халықаралық форумдарда Сирияны таныстырады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар, елдің барлық құқық қорғау органы таратылып, жаңа күштік құрылым құру туралы шешім қабылданған.
"Біз құлаған режимнің армиясын тарату туралы мәлімдейміз және сириялық армияны ұлттық негізде қайта қалпына келтіруді бастаймыз. Біз құлаған режим құрып кеткен барлық қауіпсіздік қызметін, олардың бөлімшелері мен атауларымен бірге және олар құрған барлық қарулы құрылымды тарату туралы жариялаймыз. Сондай-ақ, жаңа қауіпсіздік қызметін құру туралы хабарлаймыз", – деп жазылған мәлімдемеде.
Жаңа билік 2012 жылы қабылданған Конституция мен оның барлық түзетуінің күшін жою туралы шешім қабылдап отыр.
Еске салайық, 2024 жылдың қараша айының соңында қарулы оппозициялық топтар Сирия армиясының позицияларына ауқымды шабуыл бастаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?