Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан жігіттің қазақ екендігін жоққа шығарды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркияның Анталия қаласында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан адамға қатысты түрік БАҚ-та тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
— Түрік тарапының мәліметіне сәйкес, қаза тапқан адам Қырғызстанның азаматы, — деп хабарлады ҚР СІМ.
Бұған дейін түрік БАҚ-тары Анталиядағы туристік Белек жолының Серік ауданында жол апаты болғанын жазған. IHA агенттігінің дерегінше, такси мен велосипед соқтығысып, велосипед тізгіндеген 27 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қаза тапқан.
Оқиғадан кейін бірқатар жарияланымдарда қаза тапқан адам Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат тараған.
Түрік полициясы жол апатының мән-жайын анықтау үшін тергеу бастағаны хабарланды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0