«Сіздер білмейтін үлкен мәселе бар»: Әнші Баянсұлу композитордың шындығын жоққа шығарды (ВИДЕО)
Танымал әнші BayanSulu мен композитор Қуат Әбілдің арасындағы шығармашылық дау елдің назарын аударды. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бұл мәселеге қатысты өз шындығын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Баянсұлу Сағындықова композитор Қуат Әбілдің жалған ақпарат таратып, сөзінде тұрмағаны үшін заңға жүгінетінін айтты.
«Қайырлы кеш! Баршаңызға сәлем! Видеоны ағалар өз сөзін толық айтып алсын деген оймен кеш салып отырмын. Өйткені менің айтатын сөзім өте ұзақ. Бірінші мәселе: бүгінгі Қуат Әбіловтың маған жолдаған бейнежазбасында жалған ақпараттар таратылған. Ол жала жауып отыр. Себебі, ол көрсетіп тұрған қағаздың әнге мүлде қатысы жоқ құжат. Ол жерде менің абыройым, өзімнің жеке құқығымды қорғауға арналған құжаттар еді. Сондықтан ол кісіге жалған ақпарат таратқаны үшін заң жүзінде шара қолданамыз»,– деді ол.
«Екінші мәселе: әндерге келер болсақ, мен ол туындылардың төлемін жасаудан ешқашан бас тартқан жоқпын. Келісілген бағадан төлемақы үш есе ұлғайып кеткендіктен менің қалтам ол ақшаны көтере алмады. Бірақ кеше біз Қуат Әбілов пен нақты бір суммаға келісіп кеткен едік. Екі сағаттың ішінде біз оған келісім шартты әкеліп бердік. Бірақ сол кезде ол өз ойынан айнып қалғанын және әндерді бүкіл жерден өшіртетінін айтты. Үшінші мәселе: әндердің құқығы. Мен осыдан екі жыл бұрын жек клиент ретінде өз ақшаммен Қуат Әбіловтың қаламақысын төлеп, "Ұмытсам да" әнін сатып аламын. Дегенмен ол ән бір жыл бойы ешқайда шықпай, менде тұрды», – деді әнші.
Баянсұлудың айтуынша, әндерді сатып алу кезінде ресми келісімшарт жасалмағанымен, барлық қаржылық аударымдар мен шот нөмірлері сақталған. Бірлесіп жазған әндер тыңдарманның көңілінен шыққан соң, Қуат Әбіл өзі хабарласып, әрі қарай да шығармашылық байланыс орнатуды ұсынған. Продюсер мен композитор арасындағы қаламақы мәселесінде Бурханов бастапқыда бюджеттің аздығына байланысты кейінірек беруге уәделескен. Кейіннен продюсердің авторға алғыс ретінде MacBook сыйлап, ақшалай есеп айырысқанына әншінің өзі куә болғанын айтты.
«Негізі болып жатқан бұл мәселелердің барлығы, өздеріңіз естігендей, мен продюсермен жұмысымды тоқтатқаннан кейінгі оқиғаларға қатысы бар. Бірақ көп құпиялар мен үлкен мәселе бар. Кейіпкерлер бар. Оның бәрін кейін айта жатармын. Маған неше түрлі пікірлер, жазбалар келіп жатыр. Мені қолдап жатқан адамдар да бар. Сіздерге көп-көп рахмет! Бұл жерде сіздер білмейтін үлкен мәселе бар. Ол мәселені жақында дәлелдермен, соттың үкімімен көрсететін боламын. Оған дейін күтіңіздер», – деді Баянсұлу.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0