СҚО-да жас жігіт қарт әкесін аяусын ұрып-соққан

Маусым 24, 2026 - 11:30
chat_bubble  0 visibility  1
СҚО-да жас жігіт қарт әкесін аяусын ұрып-соққан
Фото: видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданының Бірлік ауылында 22 жастағы тұрғын өз әкесіне қол көтерген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мәлімет бойынша, жас жігіт 67 жастағы әкесін ұрып-соғып қана қоймай, оған ауыр сөздер айтып балағаттаған. Оқиғаны өзі видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған. Белгілі болғандай, сол кезде ол мас күйде болған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстағанымен, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмаған. Себебі жәбірленуші – оның әкесі – баласына қатысты арыз жазудан бас тартқан және ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.

“Соттың шешімімен жігіт 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қылмыстық іс қозғалған жоқ”, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0