Skype жұмысын тоқтатады

2025 жылдың 5 мамырында Skype жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Microsoft компаниясы хабарлады, деп жазады Sadaq.kz.
Skype қолданушылары Microsoft Teams тегін нұсқасына көше алады. Онда кіргенде Skype-тағы деректеріңіз бен таныстарыңыз туралы барлық ақпарат көшіріледі.
Ал жаңа клиенттерге Skype функциялары қолжетімсіз. Ақылы жазылымдар мен халықаралық қоңырауларға да мүмкіндік жоқ.
Айта кету керек, сервис жұмысын 2003 жылы бастаған. Ал, 2011 жылы сервисті Microsoft компаниясы сатып алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






